Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТҮРКІСТАН: “ЯССЫДА” СЕРПІНДІ ІСТЕР КӨП

ТҮРКІСТАН: “ЯССЫДА” СЕРПІНДІ ІСТЕР КӨП

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тұрғындармен кезекті кездесуі «Яссы» секторында жалғасты. Бұл тұрғын алабында жыл басынан бері көтерілген өзекті 47 мәселенің 35-і «жасалды», 7-уі «жасалуда», 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді. «Яссы» аумағында 23 көшеге тас төселді. 24 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтеді, 5 көшеге асфальт төселді. Қалған көшелерде сарқынды су жүйесінің сервистік жұмыстары аяқталғаннан кейін, орташа жөндеу жұмыстары жалғасады. Сонымен қатар, 64 көше жарықтандырылды. Сектор аумағында 20 аялдама орнатылды.
Сондай-ақ, 76 шақырымды құрайтын 64 көшенің жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып,іске қосылды.
“Яссы” секторында 20 нысанға аялдама орнатылды. Және 4,4 шақырымды құрайтын 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды.
Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы» секторында Көгершін және Әль-Фараби көшесіндегі ескі трансформаторлар жаңартылды. Тұрғындар өтініші бойынша Саурық батыр көшесіне қосымша трансформатор орнатылды.
Жалпы “Яссы” секторында 40 мың халық, 8177 тұрғын үй және 180 көше бар.
Сонымен қатар, 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, барлық жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін аяқталады. Саққорған көшесі, Баянауыл аумағы, №24 мектеп жанына балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Оралман тұрғын алабы және Қазыбек би, Жарылқапов көшелерінің аралығына гидрантты суару жүйесінің құрылысы жүруде. Тұран тыным саябағы мен Шатқал саябақтарының құрылысы аяқталды.

Пікір жазу