Сайрам ауданы прокуратурасымен 2020 жылдың 7 айына алаяқтық туралы істер бойынша сот-тергеу практикасының жай-күйіне талдау жүргізілген.
Талдауда көрсетілгендей аудан аумағында аялақтық қылмысы 113 (92)-22,8% өскен.
Аталған істердің 36-і негізінен қарау үшін сотқа жолданып, ал 59-ы ақталмайтын негізбен тараптарыдың татуласуына байланысты өндірістен тоқтатылған.
Ауданымызда орын алып жатқан алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі жәбірленушілерді мемлекеттен әлеуметтік көмек алып беремін деп немесе мүгедектікке шығарып беремін деп алдау жолымен жүзеге асырылған.
01.07.2019ж. бастап табысы төмен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы туралы Президентіміздің үкіметке жүктеген тапсырмасын алаяқтар пайдаланып, жәрдемақы алуға көмектесеті туралы жалған ақпарат таратып, жәбірленушілерді өз уыстарына түсіруде.
Мысалы, биылғы жылы аудандық сотпен «Э» есімді азамат Сайрам ауданының тұрғындарын әлеуметтік бағдарлама бойынша мемлекеттен жәрдемақы алып беремін деп олардың қаражаттарын алаяқтық жолмен жымқырғандығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағындағы бірнеше рет алаяқтық қылмысын қасақана жасағандығы үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығанан шектеу жазасы тағайындалды.
Сотталған «Э» есімді азамат ешжерде жұмыс жасамайды, қандайда бір әлеуметтік көмек алып беруге оның ешқандай мүмкіндігі болмаған.
Сондықтан, аудан тұрғындарына қандайда бір әлеуметтік көмек, мүліктерді заңдастыру, көп мөлшерде несие алып беру немесе мүгедектікке шығу барысында ешкімге сенім артпауға, өздерінің еңбектеніп тапқан ақшаларын бөтен адамға бермеуге шақырамыз.
Әлеуметтік көмектер мен мүгедектікке шығу тиісті мекемелермен құжаттандыру арқылы тегін жүзеге асатындығын ескертеміз.