Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ ЖАСАЛДЫ

Ұлы Отан соғысы кезінде қаншама боздақтар елге оралмады. Майдан даласында қаза болғандар қаншама, хабар-ошарсыз кеткендер әлі де бар.
“Әттең, аталарым тірі болғанда ғой”. Бұл қаншама жанұядағы балалардың арманы еді, жалғыз мен ғана емес.
Қаншама отбасы қу соғыстың кесірінен ошағынан от маздап жанбай сөніп қалды… Қаншама отбасында батысқа телміріп, үмітін үзбей ана-әжелеріміз зарығып көз жұмды… Қаншама балалар әкесіз жетім қалды, десеңізші…
Бәрі де құрғыр қу соғыстың кесірі…
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Қазақстаннан 2 миллионға жуық адам қолына қару алып,соғысқа аттанған екен.
Қорғаныс Министрлігінің мәліметінше, 601029 адам майданнан оралмаған. 271503 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Солардың бірі Джундуров Элемес, 1925 жылы туылған, Бескепе ауылының тұрғыны, Сайрам аудандық әскери комиссариатынан 1943 жылы ҰОС шақырылған. Соғыстан қайта елге оралмаған. Хабар-ошарсыздар тізімінде тұрған. Соғысқа 18 жасында аттанып, артында ешбір ұрпақ қалмай жат елдің топырағын жастанған.
Биыл ғана, оның 1944 жылы ақпан айының 10 жұлдызында Беларусь ССР-і, Витебск облысы, Городок ауданы, Шарки ауылында жерленгені жөнінде, оның осында асқан ерлікпен қаза болғаны жайлы әскерилерден тың хабар алынған.
Осы хабарды алған марқұмның жалғыз қарындасы Ибрагимова Оразкүл Джундырқызы, 1942 ж.т. туған ағасы Элеместің жерленген жерінен топырағын алып, өзінің туған елі Бескепеге жерлеу мәселесін көтерген. Жиені Бахтияр Батаев пен күйеуі Ибрагимов Жақсыбек Жарқынбекұлы екеуі Беларусь жеріне аттанған.
Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық және басқа да органдарының жанындағы ҚР Тұрақты Өкілетті Өкілі Бейсенбаев Асқар Асанұлы мен әскери атташе Жакупов Серік Қанатұлы мен МЕЙРАМОВ Мұхтар Өтешұлы (ӘАТ көмекшісі) және Бабашев Марлен Ерболұлдары барлық қажетті көмекті көрсеткен. Қазақстаннан барған 2 азаматтың жататын орын, ас-сулары мен көліктерін 300 шақырымда орналасқан (деревня) Шарки ауылына жеткізіп, Джундуров Элеместің бауырластар зиратынан топырағын туған елге жеткізуге бар көмектерін жасаған.
Элемес Джундуров ерлік ісімен “Багратион” операциясы кезінде «Қызыл Жұлдыз» ордені және артынан “Ерлігі үшін” медаль кеудесіне таққан.
Батырдың зиратынан алынған топырақты елге Батаев Бахтияр.
Түлкібас станциясынан аудандық әскери комиссар мен АПБ-ның жәрдемімен автокөлікті экскордпен Сайрам ауданына жеткізді.
Ауданның Ардагерлер аллеясындағы паркте зиялы қауым, әскери мамандар мен жастар және билік өкілдері мен БАҚ-ның қатысуында салтанатты түрде жиылыс өтіп, ерекше құрмет көрсетілді.
Ауданның Бескепе ауылындағы зиратта жерлеу рәсімі өтіп, Қарасу ауылындағы «Рауан» мейрамханасында марқұмға арналып ас берілді. Дін өкілі құран бағыштады.
Иә, ардақты әлеумет! Өткен азапты соғыстың аса ауыр сабақтарын қазақ халқы да ешқашан ұмытпайды. Соғыстың ащы сабақтары ұрпақтар санасына ұялап, қазіргі буын жастарды ерлікке, қырағылыққа жарқын болашағымызды қорғауға әрдайым дайындыққа баулиды.
Соғыс халыққа аса қымбатқа түсті. Әлі де зардаптары қалды. Осыдан әркім сабақ алуы тиіс. Бейбіт өмірді еш нәрсеге айырбастай алмайсың! Ардақтайық қаһармандарымызды! Олар өте сирек! Жасасын бейбітшілік!

Пікір жазу