Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІЗДІҢ МАҚСАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН!

БІЗДІҢ МАҚСАТ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН!

Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылдық округіне қарасты, Жібек жолы ауылдық мәдениет үйінде, Біздің мақсат-Әділетті Қазақстан» атты этно-мәдени орталықтарының көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде әртүрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары даярланып, өздерніне тән киім үлгілері көрсетілді. Қазақстан бір тудың астына 100 ден аса ұлтты ұйытып, бірлік пен ынтымақта ғұмыр кешуіне бар жағдайды жасап отыр. Аталмыш көрмеге ақпараттық насихат тобының мүшелері Г.Нұртанова, А. Сағындықова арнайы қатысып, Мемлекет басшысының Жолдауындағы ұлттық құттылықтар аясында кеңінен түсіндіріп өтті. «Әділет жолында біртұтас болып бірігіп,берекелі қоғамда, мерейлі мемлекетте өмір сүргенге не жетсін! Осынау бақытқа бағытталғандай кешегі аптада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын Қазақстан халқына жариялады.
Жолдауда өте өзекті мәселелер қозғалды. Басты жаңалық сол, биыл күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Қоғамды алаңдатып отырған тағы бір мәселе келесі жылы көктемде Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы болады. Президенттік мерзім енді бір рет қана – 7 жылдық болмақ»,-деді ақпараттық – түсіндіру тобының мүшесі Г.Нұртанова.

Пікір жазу