Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДҰРЫС ТАҢДАУ- СЕНІМДІ БОЛАШАҚ!

ДҰРЫС ТАҢДАУ- СЕНІМДІ БОЛАШАҚ!

20 қарашада өтетін кезектен тыс ҚР Президент сайлауы еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Өйткені, Қазақстан жаңа кезеңге қадам басты. Ендігі Қазақстан жаңғыру мен жаңару арқылы бағыт-бағдары айқындалған, экономикалық өзгерістерге толы болмақ.
Біз — байтақ елдің ұрпағымыз. Биыл бастау алған игі бастамаларға қоғамның әрбір мүшесі қолдау көрсетіп, өз таңдауын жасауы керек.
Бұл күні еліміздің ертеңі үшін маңызды шешім қабылданады. Осы саяси науқанда өзіміздің азаматтық құқығымызды пайдаланып, ел болашағы үшін дұрыс таңдау жасауымыз керек. Шыны керек, халық нақты іске көшетін кезді көптен күтті. Ел азаматтары жаңаруды қалайды. Алдағы сайлаудан күтер үміт көп. Осы орайда, болашақтың жарқын гүлденуі – біздің қолымызда деп айтар едім. Сол үшін отандастарымды тұтас мемлекеттің жауапкершілігін сезініп, белсене сайлауға қатысуға шақырамын!
«AMANAT» партиясы Сайрам ауданы мәслихатының депутаты Сұлтанов Сәкен Әбдіәшімұлы

Пікір жазу