Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

САЙРАМ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Бүгін Сайрам ауданы әкімдігінде аудан әкімі Уласбек Садибековтің кезекті жеке қабылдауы өтті, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Жеке қабылдау барысында Қайнарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Б.Құлжабаев Құрлық ауылындағы бірқатар шешімін қажет ететін мәселені айтып, сонымен қатар жазбаша өтінішіне назар аударуды сұранды. Атап айтқанда, жол жөндеу, ауылдың кіре-беріс жеріне бағдаршам орнату, көшені жарықтандыру, жайылымдық жермен қамту, балалар алаңшасын салу, аудан және қала бағыттарына қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау қызметін ұйымдастыру және басқалары.
Келесі кезекте Ақсукент ауылының тұрғыны А.Түкібаева тұрғылықты жері бойынша аудандық маңызы бар КХ-36 Ақсу-Көмешбұлақ автомобиль жолына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау және күл-қоқыстардан тұрақты тазалаудың қажеттілігін жеткізді.
Жеке қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары Мадияр Оразалиев және Ш.Убайдуллаев, әкім кеңесшісі Рысқұл Есполай, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Б.Бейсембаев, құрылыс, сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы Бахром Моминжанов, Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Есбол Дүйсебаев, Ақсукент ауылдық округінің әкімі Абдиманат Бурбеков, әкім аппараты жалпы бөлімшесінің басшысы М.Қожамқұлов қатысты.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштеріне заң аясында түсіндіріп, алдағы уақытта осы мәселелерді зерделеп, заң аясында оң шешімін табуды тиісті басшыларға тапсырды.

Пікір жазу