Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Түркістан » Түркістанда «Шертпе күйдің шебері» атты күй кеші өтті

Түркістанда «Шертпе күйдің шебері» атты күй кеші өтті

Түркістан қаласы кітапханалар жүйесінің жылдық жоспарына сәйкес, кітапханалар жүйелеріне қарасты мекемелерде «Жаһандағы заманауи Қазақстандағы мәдениет» тақырыбымен бірқатар  іс-шаралардың топтамасы ұйымдастырылып өткізілді, деп хабарлайды «didarbek.kz» ақпаратық агенттігі.

Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 кітапхана-филиалында Сүгір Әлиұлының туған күніне орай «Шертпе күйдің шебері»атты күй кеші өтті. Оған «Өнер» мектебінің ұстаздары мен оқушылары қатысты. Кештің негізгі мақсаты — оқырмандарға Сүгірдің өмірі мен шығармашылығын таныстыру және өнер адамын құрметтеуге, елжандылыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кешке «Өнер» мектебінің ұстазы Каликулов Жағыппар мен шәкірттерді қатысып, күйдің шығу тарихын әңгімелеп, күйшінің күйлерін тамылжыта орындап берді.

Айта кетейік, Сүгір Әлиұлы – қазақтың атақты күйші сазгері. Оның алғашқы ұстаздарының бірі — Ықылас Дүкенұлы. Сүгір шығармаларының басым көпшілігі «шертпе күй» дәстүрінде жазылған. Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлғаСүгірдің күйлері мазмұны жағынан да, көркемдік бітімі жағынан да ерекше.

Одан бөлек, Түркістан қалалық №9 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен  ҚСРО және Қаз ҚСР халық әртісі, мемлекеттің сыйлықтың лауреаты Шолпан Жандарбекованың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақ сахнасының Шолпаны» аттты танымдық сағат болып өтті. Нағыз сахна саңлағы, өнердің патшайымы Шолпан Жандарбекова қазақ кәсіби театрының екінші буыны деуге болатын үркер топтың көрнекті өкілі. ҚазКСР және КСРО халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ұлағатты ұстаз, профессор. Шараның мақсаты қазақ театр өнерінің жарық жұлдызы туралы, сондай-ақ қазақ киносында да дара із қалдырған дарын иесін насихаттау. Көрнекті театр актрисасының өмір жолы, шығармашылығы туралы айтылды, оның талантының, шығармашылық жолының барлық қырлары айтылып, ұлы тұлғаға құрмет көрсетілді.

Қазақстан Республикасының халық қаһарманы, қазақ ән эстрадасының биік шыңына көтерілген күміс көмей әншсісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай  «Қазақтың бұлбұлы» атты әдеби кеш болып өтті.  Шараның мақсаты қазақ музыкасын дәріптеу, жастарға халқымыздың мақтанышына айналған қазақ әншілерін насихаттау, олардың өнердегі жолын үлгі ету. Шара барысында әншінің өмірінен тың деректер, сахна төріндегі жарқыраған жұлдызды сәттері жайында қызықты естеліктер айтылды. Кітап көрмесі жасақталып, әнші жайлы айтылған қанатты сөздер, кітаптар мен суреттер, естеліктер қойылды.

Айта кетейік, Роза Тәжібайқызы Бағланова — қазақтың ән өнерін дамытуға айрықша ауқымды үлес қосты. Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі композиторларымыздың шығармалары, әлем халықтарының – орыс, өзбек, тәжік, украин, грузин, әзербайжан, қырғыз, монғол, чех, венгр, қытай, корей, үнді, швед әндері үйлесімді көрініс тапты. Ұлы Отан соғысының отты жылдары кеңес жауынгерлерінің бойына күш – жігер бере отырып оқ пен оттың астында жүріп те ән шырқаған мұндай адам жоқ деуге болады. Мәскеу түбінде шайқасқан панфиловшы жауынгерлер алдында концерт қойды. 1945 жылы 9 мамырда Берлин қаласындағы Жеңіске арналған концертке қатысты.

Пікір жазу