Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗУДЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында
Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков Қарабұлақ ауылындағы Далабазар атындағы жалпы орта мектебінде ауыл тұрғындарымен кездесуін өткізуде, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Сайрам аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Мурат Есалиев, аудандық Сайрам Ауданы Полиция Басқармасы бастығы Б.Зиятаев, Аманат партиясының  Audany Атқарушы хатшысы Алмас Абикадиров секілді мекеме-ұйым және дербес бөлім басшылары қатысып отыр.
Жиын барысында аудан әкімінің кеңесшісі Рысқұл Есполай ағымдағы жылдың ІІІ тоқсанында жергілікті халық тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде аудан басшысына күл-қоқыстарды тазалау жұмыстарын ретке келтіру, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында көпір салу, қоғамдық тасымал қызметін ұйымдастыру, сонымен қатар ауыз сумен тұрақты қамту секілді шешімін қажет ететін мәселелерді жеткізуде.

Пікір жазу