Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов 2022 жылды қорытындылап, БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берді.
Абай ауданындағы шалғай елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту жұмысы 2020-2022 жылдары қарқын алған. Аудан әкімінің айтуынша, қала әкімі Мұрат Әйтенов елді мекен тұрғындарымен кездесуінде ондағы әр мәселеге жеке назар аударып, қысқа мерзімде ЖСҚ жасалып, инфрақұрылым тарту жұмыс қызу жүргізіліпті.
–Екі жыл ішінде ауыз су желісін тарту мақсатында 14,2 млрд теңге қаржы жұмсалды. Бұл қаражатқа 2020 жылы 4 елді мекен, 2021 жылы 5 елді мекен, 2022 жылы 1 елді мекен ауыз сумен қамтылды. Электр қуаты үшін 7,2 млрд теңге бөлініп, 2021 жылы 5 елді мекен, 2022 жылы 3 елді мекен сапалы жарыққа қол жеткізді. Табиғи газ тарту үшін 5,4 млрд теңгеге 2021 жылы 1 елді мекен, 2022 жылы 7 елді мекенге желі жүргізілсе, 2023 жылы 3 елді мекенге құрылыс жұмысы жүргізілуде. Кәріз жүйесіне 2,5 млрд теңгеге 2021 жылы 1 елді мекен, 2022 жылы 1 елді мекенге орталықтандырылған құбыр тартылса, 2023-2025 жылдары 6 елді мекенді кәрізбен қамту жоспарланып отыр. Ал, жол құрылысы үшін екі жылда 5,1 млрд теңгенің тірлігі атқарылды. Жалпы осы жұмыстарға 34,4 млрд теңге жұмсалып отыр, — деді аудан әкімі.
Аудандағы 453 көпқабатты тұрғын үй 258 аулаға біріктірілген. 2022 жылы 5 үй аула мен 27 елді мекенге спорт алаңшасы орнатылған. Осы мақсатқа 956,1 млн теңге қаржы жұмсалыпты.

Пікір жазу