Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов Түркістан сарайында орналасқан №231 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
– Сайлау – еліміздің даму бағытын айқындайтын саяси науқан. Мен Қазақстан Республиксының азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Әрбір сайлаушының даусы маңызды, – деді Қуаныш Жұмабекұлы.
Айта кетейік, №231 сайлау учаскесінің 2569 сайлаушысы бар. Олар – Қайтпас, Нұрсәт шағын аудандарының тұрғындары. Сайлау учаскесінің комиссия төрағасы Ерлан БЕЙБІТБАЙдың айтуынша, қазіргі уақытқа дейін шамамен 20 пайызы келіп, дауыс беріп үлгерген.
«Шымкент келбеті»