Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕ ЭТНОАУЫЛДА ЖАЛҒАСТЫ

ШЫМКЕНТ: МЕРЕКЕ ЭТНОАУЫЛДА ЖАЛҒАСТЫ

Бүгін шымкенттіктер көрісу күні мерекесін кеңінен атап өтіп жатыр. Таңертең Астана алаңынан бастау алған мереке Shymqala этноауылында жалғасын тапты.
Игі шарада қалалық мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен білім басқармасының мамандары көрісу амалдарын жасап, қала тұрғындарына ынтымақ пен берекенің, татулық пен тағылымның көрінісін көрсетті. Бір жас қосуымен құттықтап, жақсы тілегін айтты.
–Бүгін мәдениет қызметкерлері қаланың адам көп шоғырланатын орындарында көрісу мерекесін ұйымдастырып, қала түрғындарын айтулы күнмен құттықтап жатыр. Алдымызда ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі. Қаламызда наурызды тойлау бүгіннен бастау алып отыр. Ұлыстың ұлы күнінде ағайынмен қол алысып, кеуде қағысып көрісіп жатырмыз. Барша жиылған қауымды амал мерекесімен құттықтаймын! – деді мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев.
Көрісу күнінің тағы бір ерекшелігі – бір күнмен шектеліп қана қоймай, айдың соңына дейін жалғасады. Күні кеше қалалық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Жастар ресурстық орталығымен бірлесе әлеуметтік желілерде «Наурыз нақыштарын насихаттайық» челленджін бастап, жастарға көрісу күнін кеңінен насихаттаған.
–Қала жастары арасында көрісу күні жайлы білмейтіндер де бар екен. Бұл күннің маңыздылығына қанық болған жастар іс-шараларымызға белсенді атсалысты. Орталығымыздың мамандары қаланың ерікті жастарымен бірге ымырт түскенде түнгі ауысымда жұмыс істейтін еңбекші жастарға «Ұйқыашар» дәмін таратты. Қаратау аудандық полиция басқармасы, қаладағы өрт сөндіру мекемелері, ауруханаларды аралап, мерекелік дәмнен үлестіріп, құттықтадық – дейді қалалық Салт-дәстүр және әдет-ғұрып ортылығының ғылыми зерттеу бөлімінің меңгерушісі Гүлшат Жаханқызы.
Мерекелік жиын этно-фольклорлық концерке ұласып, ән мен жырдан шашу шашылды.

Пікір жазу