Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІГІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ БАСҚАРУ ТЕТІГІН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласында 2 236 көпқабатты тұрғын үй болса, оның ішінде 1 823 үйге жаңа басқару жүйесіне көшкен. Реформаны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «EASY project» бағдарламасы арқылы іске асуда. Қазіргі таңда кондоминиум объектілерін басқару нысандарын таңдау бойынша жергілікті органдармен атқарылған жұмыстар туралы тиісті мәліметтер аталған бағдарламаға енгізілуде.
Көпқабатты тұрғын үйлерді басқару жөніндегі тетігін жақсарту мақсатында заң жобасы әзірленіп Парламенті Сенатында мақұлданды.
Ұсынылғын заң жобасында қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны 30-ға дейін шектеледі. Осыған байланысты басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылып отыр. Бұл форма 16-ға дейінгі пәтерлері бар үйлер үшін қаралған.
Сонымен қатар, Заңда жергілікті әкімдіктердің тұрғын үй басқармасына тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын болмаған жағдайда, уақытша басқаратын компанияны айқындап беру туралы норма енгізілді.
Ұсынылғын заң жобасында қарастырылған мәселелер олар:

– Қарапайым серіктестік құру кезінде пәтерлер саны бойынша 30 пәтерге дейін шектеу көзделеді. Осыған байланысты басқарудың жаңа нысаны – тікелей бірлескен басқару ұсынылады. Бұл форма 16-ға дейінгі пәтерлері бар үйлер үшін жасалуы мүмкін».

– Сондай-ақ, Заңда жергілікті жерлердегі әкімдіктердің тұрғын үй инспекциясына тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын болмаған жағдайда, уақытша басқарушы компанияны бір жылға дейінгі мерзімге айқындауға мүмкіндік беру туралы норма енгізіледі.

– Бұдан басқа, құрылыс салушының басқарушы компанияны осы үйде кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандары құрылғанға дейін алты айға дейінгі мерзімге тартуға мүмкіндік беретін норма көзделеді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйді салушының көппәтерлі тұрғын үйді тіркеген сәттен бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылыстарын коммуналдық тұрғын үйге өтеусіз беруді қамтамасыз ету міндеті регламенттеледі меншік.

– Бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінің лифтін ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі. Бұл ретте пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бюджет қаражатын қайтаруы көзделеді.

– Сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке иеліктен шығаруға тыйым салынды.

Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығына қатысты өзгерістерді арнайы сайттан ақпарат алуға болады.

Пікір жазу