Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ТІРКЕЛУІ 43 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ТІРКЕЛУІ 43 ПАЙЫЗҒА АЗАЙДЫ

Шымкент қаласы прокуратурасы жергілікті құқық қорғау мен уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе «Алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу» жобасын іске асыруда. Шымкент қаласы Прокуратурасының Қылмыстық қудалау басқармасының басшысы Жандос Досанов баспасөз брифингінде жаңа пилоттық жобаның іске асу барысынан хабардар етті.
Шаhарда алаяқтық қылмыстарымен күрес шараларының нәтижесінде жыл басынан бері қылмыстардың тіркелу көрсеткіші 43 % төмендеген. Оның ішінде интернет-алаяқтығы 73 %-ға азайды. Жыл басынан бері 356 алаяқтық қылмысы тіркелді.
— Алаяқтық қылмысымен күрес тобының жедел әрекет етуінен оңды нәтижелерге қол жеткіздік. Қазіргі уақытта жергілікті телеарналардан тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Қала прокуратурасы тіркелген істерді зерделеу нәтижесінде, кейбір адамдардың «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен жергілікті жұмыспен қамту басқармасы қызметкерлерінің атын жамылып, халықты алдап жүргендігі анықталды. Қала тұрғындарын кез келген оңай ақша табу жарнамаларына алданбауды, түсініксіз жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырамыз, — деді Жандос Есенжанұлы
Сондай-ақ, жиында қалалық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мақсат Өткелбаев, «Жұмыспен қамту орталығы» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Шағдат Әсетұлы алаяқтарға алданбауды, тұрғындарды тікелей мекемеге келіп, кеңес сұрауға шақырды.
Айта кетсек, өткен жылы қайтарымсыз грант және атаулы әлеуметтік көмек алу мемлекеттік бағдарламасы мәселелерімен 273 адам алаяқтардың құрбаны болса, биыл мұндай фактілердің 30-ы тіркеліп отыр. Барлық істер ашылып, биыл 2 іс сотта қаралуда. Тіркелген істермен жан-жақты тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Пікір жазу