Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 57 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ 57 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту” орталығында әлеуметтік салада атқарылған жұмыс бойынша арнайы баспасөз туры өтті.
Халықтың әл-ауқатының жақсаруы — жұмыспен қамту мәселесіне тікелей байланысты. Бұл бағытта орталықта 2023 жылы 57 181 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Оның 30 500-ін «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыспен қамту көзделген. Сондай-ақ, 57 181 азаматтың 42 714-і тұрақты, 6 617-сі уақытша жұмыспен қамтылмақ.
Сонымен қатар, «Жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру» бағдарламасымен биыл 1671 азаматты оқыту жоспарланып отыр.
– Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік мамандықтарды оқыту бойынша қаламызда өткен жылы 2400 адам қысқа мерзімді курстарда білім алды. Бұл бастама елімізде жұмыссыздар қатарын азайтып, кәсіпорындардағы кадр тапшылығы мәселесін шешуге үлес қосып отыр, – дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жолдасбеков.
Айта кетейік, биыл «Отбасының цифрлық картасы» ұлттық жобасы іске қосылып, тұрғындарға әлеуметтік статусына қарай мемлекеттік қызмет көрсетуге келісім алу үшін SMS хабарламалар жіберіліп отыр. Мәселен, бұл жүйе бойынша АӘК алушылардың орталыққа құжат тапсыруы талап етілмейді. Ұялы байланысқа түскен SMS хабарламаға жолданған жауап арқылы әлеуметтік көмек алушының өтінімі қабылданған соң, арнайы комиссия тексеріп, тағайындайды.
Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуға бағытталған «Күміс жас» жобасына қатысушылардың контингенті мен қатысу кезеңі кеңейтілетін болады. Оған 50 жасқа толған қазақстандықтар 3 жылға дейін қатыса алады. Қолданыстағы қағидаларға сәйкес, жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру шеңберінде жұмыс берушілер мемлекеттен белгіленген жалақы мөлшерінің 50%-ына субсидия (бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) көп емес) ала отырып, зейнеткерлік жасқа дейінгі (58 жастан бастап) адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құрады. Бұл ретте жұмыстың ұзақтығы 12 айдан аспайды. 2023 жылдан бастап «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізіледі, қатысу мерзімі 36 айға дейін, сондай-ақ қатысушылардың жалақысы бойынша субсидиялар мөлшері ұлғайтылады

Пікір жазу