Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

ТҰРҒЫН ҮЙ САЛУДА ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯЛАРЫНА БІРҚАТАР ЖАҢА ТАЛАПТАР ЕНГІЗІЛДІ

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының басшысы Мадияр Байымбетов қалада тұрғын үй құрылысының дамуы бойынша баспасөз брифингін өткізді. Басқарма басшысы шаhарда тұрғын үй құрылысының барысы, құрылыс сапасы, анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарынан хабардар етті.
2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан концепция аясында мемлекеттік бюджет есебінен 12,9 млрд. теңгеге 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің ( 254,2 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, арендалық 29 үй (1364 пәтер), кредиттік 43 үй (1978 пәтер) салынады. Жыл қорытындысы бойынша 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді пайдалануға беру қарастырылған.
— Ендігі ретте құрылыс сапасын жақсарту бағытында тапсырыс беруші мен мердігер мекеме арасындағы келісімшартты күшейту мақсатында қосымша талаптар қарастырылып отыр. Мердігерге 21, техникалық қадағалаушыларға 15, авторлық қадалаушыға 7 қосымша талап енгізілді. Сонымен қатар, әр нысанға бекітілген техникалық қадағалаушы санын 3 есеге арттыру, құрылыс барысын тәулік бойы (24 сағат) онлайн бақылау, құрылыс-монтаж кезеңінде терезе айналасына қосымша изоляциялық пленка жабыстыру сынды талаптар бар. Анықталған кемшіліктерді жою жұмыстары да тиісті деңгейде орындалуда, — деді басқарма басшысы.
Бұдан бөлек, қалада тұрғын үй құрылысы бойынша жүйелік өзгерістер қолға алынған. Атап айтқанда, мердігер компаниялар қасбеттерге заманауи материал, композитті панель қолдану, түнгі жарықтандыру шамдарын орнату, кіреберістің 1-қабатындағы интерьерді заманауи үлгіде сәнді әрлеу, автоматты суару жүйесін орнатуға назар аударуы тиіс.
Сонымен өатар, қаладағы жол салу құрылыстары да қарқынды жүргізілуде.
Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының бүгінде 55 пайызы атқарылды.
Жобаға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазіргі таңда, негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95 пайызға орындалды. Мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысын ашу жоспарлануда.
Айта кетейік, жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.

Пікір жазу