Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған «Мобильді топ» мемлекеттік бағдарламалар бойынша «Акбар» базарында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бағдарламалары мен тұрғын үй жөнінде ақпараттармен таныстыру. Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», тұрғын үй, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ақпараттар беріліп, анықтамалық парақшалар таратылды.
Жастар саясатын кезең-кезеңмен жүзеге асыру үшін «Smart student» секілді ауқымда жобалар іске асырылып жатыр. Мұндай жобалар жастар үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады. Жастар табанды еңбек етіп, қаламызды гүлдендіруге, «Әділетті Қазақстанды» құруға белсене атсалысатын болса, еліміз үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Сіздердің студенттік шақтарыңыз Қазақстанның тарихи кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен елде ауқымды реформалар қолға алынып, халқымыз ашық, әрі әділетті қоғам құру идеясы төңірегінде топтасуда. Елдің жаңғыруы сіздерге тамаша мүмкіндік ұсынумен бірге, зор жауапкершілік жүктейді.
Шымкент қаласында «Жастардан-жастарға» ақпараттық керуен жобасы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің бітіруші түлектеріне мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстарының мақсаты – жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағдарламалар жөнінде ақпараттармен таныстыру. Кездесу барысында «Жастар практикасы», «Алғашқы бос жұмыс орны», 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту, 2,5 %-бен берілетін 5 млн-дық несие жөнінде ақпараттар айтылды. Сонымен қоса, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді.