Құрметті арыстықтар!
Сіздерді 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын ықыласпен қызу құттықтаймын!
Республика жұртшылығы бұл мерекені биыл алтыншы рет тойлауда. Айқындап атап өтетін болсам: Бұл мереке алғашқы күннен-ақ халқымыз қадірлейтін, жақсы көретін мейрамға айналды.
Біз Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы дамуы мен өркендеуі кезеңін қалай алып қарасақта, тарихтың осы бір айтулы кезеңінің парақтарын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевсыз елестете алмаймыз. Қазақстан және Елбасы егіз ұғым десек те болады.
Себебі, Тұңғыш Президенттің еліміздің өркендеуі жолындағы еңбегі ұшан-теңіз. Ол ешкімге дау тудырмас тарихи шындық.
Тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және биліктің бүкіл тармақтарының өзара әрекет ету жүйесі – барлық ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты.
Қарқынды жүргізілген жұмыстар нәтижесінде экономикамыз тұрақтанып, халықтың әл-ауқаты жақсара түсті.
Өнеркәсіп жанданып, қаржы-бюджет, салық жүйесі құрылып, ұлттық валютамыз – теңге айналымға енгізілді.
Зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты.
Дүниежүзілік сарапшылар арасында «Қазақстандық үлгі» термині пайда болды.
Қысқа мерзім ішінде халықаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын қалыптастырды. Оның көптеген бастамалары кең халықаралық мазмұнға ие.
Мәселен, Семей ядролық полигонын жабу, ядролық держава мәртебесінен бас тарту осының айғағы.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, Кеден одағы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразия одағы сияқты халықаралық құрылымдарды дүниеге әкелудің бастамашысы болды, сондай-ақ, экономикамен қатар білім, мәдениет, спорт және өркениет саласындағы жұмыстарды жүйелі жолға қойды.
Қазақстан көп ұлтты, толерантты мемлекет ретінде ұлтаралық келісім мен ынтымақтастықты әрдайым ту етіп жоғары ұстап келеді.
Халықтар достастығы нығайды. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы өмірге келді. Ол ұлтаралық келісімді күшейтіп отыр.
Алдағы жылы 20 жыл толатын, бүкіл әлем тамсанып отырған сұлу да әсем қаламыз – Астананың іргетасын қалаушы, әрі Бас сәулетшісі Тұңғыш Президентіміз екендігін мақтанышпен айта аламыз.
Мемлекетімізді нығайтып, еліміздің күш-қуатын арттыруда, Тәуелсіздігімізді баянды етуде Ұлт Көшбасшысының еңбегінің аса зор екенін тағы да айрықша атап өткім келеді.
Президентіміздің күші – «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы арқылы жаңғырып келе жатқан қабырғалы қалың елі. Демек, күшті тұлға – күшті мемлекет.
Қадірменді жерлестер!
Тұңғыш Президентіміздің ресми мерекесі құтты болсын!
Экономикасы қуатты, өндірісі дамыған, алпауыт мемлекеттердің қатарынан өз орнымызды алып, табыстан табысқа, жеңістен жеңіске жете берейік.
Еліміздің мерейі биік, Елбасының мәртебесі жоғары болсын!
М.Қадырбек,
Арыс қаласының әкімі.