Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті аудан тұрғындары!

1-желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.
Осыған орай, Сіздерді еліміздің айтулы мерекелерінің бірегейі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

1-желтоқсан – қазақстандықтардың өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы таңдау жасаған мемлекеттің мерейлі күні. 
Қазақстанның егемендігін алып, өз алдына жеке мемлекет болуы Мемлекет басшысы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.

Ұлт көшбасшысы сындарлы шақта бірлік пен елдікті, татулық пен достықты ту етіп, тәуелсіздікті баянды, егемендікті еңселі ете білді.
Елабасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясатының арқасында ғасырда жасалар істер қысқа мерзімде жүзеге асты.
Бүкілхалықтық қолдаудың арқасында ел тізгінін ұстаған Елбасымыздың ерен еңбегінің нәтижесінде экономикамыз нығайып, халқымыздың әл-ауқаты артты. Біз әлем елдерінің басын қосып, дүниежүзілік ұйымдарға төрағалық ету құрметін абыроймен атқарып келеміз. Әлемдік қауымдастық елдерінің Қазақстанға, оның Көшбасшысына деген сенімі артты.

Аз ғана уақыттың ішінде сәні мен салтанаты жарасқан Астана тұрғызылды. Бүгінде бұл шаһарымыз әлемдік маңызы бар келіссөздер жүргізетін алаңға айналды. «ЕХРО – 2017» халықаралық көрмесін өткізу құқығын иеленіп, оны абыроймен өткізіп, ел мәртебесін асқақтатты.
Қазіргі таңда барша әлем Қазақстанды Н.Ә.Назарбаевтың дана саясаты арқылы таниды десек артық айтқандық емес. 

Біздің басты жеңісіміз – береке-бірлігіміз. Әлем бізді бейбітшілік сүйгіш, ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекет есебінде жақсы таниды. Бұл мереке арқылы Елбасымыздың сара жолында елімен бірге еңсерген қиындықтары, сап түзеген жеңістері, дүние жүзінің алдындағы абыройы асқақтап, таныла бермек.

Төлеби ауданы да Қазақстанның барлық аймақтарымен бірге егемен еліміздің дамуына өзіндік үлес қосып келеді.
Ауданда көптеген игі істер жүзеге асып, әлеуметтік-экономикалық әлеуетіміз күн санап жақсарып келеді.
Бұл – ел бірлігінің, ағайын татулығының арқасы.

Қадірменді төлебиліктер! 

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Б.Парманов,
Төлеби ауданының әкімі

Н.Қойбағаров,
аудандық мәслихат хатшысы

Пікір жазу