Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЕЖІРЕ КҮНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТӨЛ ТАРИХТАН СЫР ШЕРТТІ

ШЕЖІРЕ КҮНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТӨЛ ТАРИХТАН СЫР ШЕРТТІ

«Наурыз Шымкенттен басталады» кешенді жоспары аясындағы іс-шаралар желісі бүгін Шежіре күнімен жалғасты. Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы атаулы күнде ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл тарихты тірілткен мерекелік іс шараларды тамашалауда.
Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шежірелі тарихымыздан сыр шерткен Әл-Фараби бабамыздан бастап, шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, Домалақ ана, Қыз Жібек және ұлттық киімдегі ходулистер, қыз көші көріністерін қойды. «Арбат” алаңы арқылы «Қиял әлеміне» беттейтін көш халық өмірінің тарихи эпизодтарына құрылған. Сахналық көріністер домбыра-сырнай әуенімен әсерлі өрбуде. Көш арнайы белгімен кері қайтып, күн бойына бірнеше рет көрсетіледі.
Шежіремізді тарқатып, түп-тамырымызды тануға сеп болатын мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.
Айта кетейік, Әз Наурыздың Жайлау күні қарсаңында шымкенттіктер қоршаған ортаға, табиғатқа көңіл бөліп, түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда. Атап айтар болсақ, тұрғындар көшелер мен аулаларды тазартып, көшеттер, гүлдер отырғызып қаланы көріктендіруге атсалысуда. Сонымен қоса, Арбат алаңында қалалық білім басқармасы мен мемлекеттік зоологиялық саябағы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен көрме ұйымдастырылды. Табиғатты аялауға шақыратын игі шарада көпшілік жергілікті білім ұйымдарының оқушылары дайындаған 1000-ға жуық құс ұялары мен ерекше құстарды тамашалады. Іс шара аясында ұйымдастырылған мерекелік ойындарға қатысқан белсенді тұрғындарға сыйлықтар таратылды. Аталған игі бастамалар ертең дендросаябақта жалғасады. Еріктілер ұяларды орнатып, табиғат көркі-құстарға қамқорлық көрсетеді. Өз кезегінде табиғатты аялауға шақыратын игі іс-шараға қала тұрғындары өте белсенді атсалысты. Шаһар тұрғындары мұндай бағыттағы іс-шаралардың пайдасы көп екенін тілге тиек етті.

Пікір жазу