«Наурыз Шымкенттен басталады» іс-шарасы аясында ипподромға қала тұрғындары мен қонақтарын 5 нүктеден үздіксіз тасымалдау ұйымдастырылады, деп хабарлайды didarbek.kz. Жол ақысы-70 теңге. Жолаушыларға қолайлы болу үшін қоғамдық көліктер белгіленген нүктеден қаланың орталық көшелері арқылы жүріп өтеді.
Ұлыстың Ұлы күніне арналған “Great Qazaq Games” іс-шарасы Наурыздың 20-23 аралығында өтеді. Көліктер белгіленген аялдамалардан Ипподромға осы күндері қатынайтын болады.
1) Орталық стадион
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны — 8
Бағыты: Мәделі қожа, А.Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Бәйтереков, Қ.Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы;
2) Астана алаңы (әкімшілік-іскерлік орталығы)
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны — 7
Бағыты: Н. Назарбаев даңғылы, С.Бәйтереков, Қ. Төлеметов көшелері, Бәйдібек би даңғылы, Алматы айналма жолы;
3) «Шымкент Сити» шағын ауданы
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны — 3
Бағыты: Алматы айналма жолы;
4) «Тұран» шағын ауданы
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны – 1
Бағыты №7 көше, Алматы айналма жолы;
5) Тұран-2» шағын ауданы
Уақыты: 08:00-19:00
Автобус саны -1
Бағыты- №10 көше, Алматы айналма жолы.
Айта кетейік, «Наурыз Шымкенттен басталады» кешенді жоспары аясындағы іс-шаралар желісі бүгін Шежіре күнімен жалғасты. Шымкенттіктер Ұлыстың Ұлы күні қарсаңындағы атаулы күнде ұлттық құндылықтарды ұлықтап, төл тарихты тірілткен мерекелік іс шараларды тамашалауда. Мәдениет мекемелерінің қызметкерлері шежірелі тарихымыздан сыр шерткен Әл-Фараби бабамыздан бастап, шығыстың шайырлары, Абылайханның дәуірін, Домалақ ана, Қыз Жібек және ұлттық киімдегі ходулистер, қыз көші көріністерін қойды. «Арбат” алаңы арқылы «Қиял әлеміне» беттейтін көш халық өмірінің тарихи эпизодтарына құрылған. Сахналық көріністер домбыра-сырнай әуенімен әсерлі өрбуде. Көш арнайы белгімен кері қайтып, күн бойына бірнеше рет көрсетіледі. Шежіремізді тарқатып, түп-тамырымызды тануға сеп болатын мерекелік шаралар кешке дейін жалғасады.