Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ШЫМКЕНТ: Мереке күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді

ШЫМКЕНТ: Мереке күндері ХҚО-лар жұмыс істемейді

Наурыз мейрамына байланысты 21, 22 және 23 наурыз күндері Шымкенттік Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгінгі таңда қаламызда 10 Халыққа қызмет көрсету бөлімі, оның ішінде 3 мамандандырылған бөлім бар. Онда заматтар 300-ден астам мемлекеттік қызметтердің түрі бойынша жүгіне алады. Сондай-ақ, азаматтар электрондық анықтамалар мен қызметтерді мереке күндеріне қарамастан, egov.kz порталы, egovkzbot2.0 телеграм-боты, egovmobile қосымшасы, Halyk Homebank немесе Kaspi.kz қосымшалары арқылы онлайн түрде кез келген жерден рәсімдей алады.

«Біз шымкенттіктерді келе жатқан Наурыз мейрамы мерекесімен құттықтаймыз! Мереке қарсаңындағы демалыс күндеріне байланысты көпшілік барлық құжатын түгендеп – жинастыруға, қажетті анықтамасын жаңартып қалуға тырысады. 21, 22 және 23 наурыз Шымкенттік халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Олар 24 наурыздан бастап әдеттегі кесте бойынша істей бастайды», — деді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз хатшысы Алтынай Татаева.

Еске сала кетейік, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма), ал сенбі күні 09:00-ден 13:00 дейін жұмыс істейтін болады.

 

Пікір жазу