Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Жайлы орта – тұрғындардың ұсынысымен

Жайлы орта – тұрғындардың ұсынысымен

Шымкент қаласының Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды. Еңбекші ауданында жол инфрақұрылымын жақсартуға жылдан жылға жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Ауданда ұзындығы 723,35 шақырым 721 көше мен өткел бар. Жолдардың 535,62 шақырымы (74 %) – асфальт, 145,5 шақырымы (20,2 %) – тасжол, 42,23 шақырымы (5,8%) – топырақ жолдар. 2021 жылы 4 магистралдық және 53 қалаішілік көше асфальтталып, жөнделген (57,7 шақырым). 2022 жылы жалпы 86,4 шақырым 132 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.
Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, демеуші есебінен Базарқақпа тұрғын алабындағы Сайрам су өзенінен өтетін көпір қайта құрылып, тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Ал 2023 жылы І кезеңмен ұзындығы 36,8 шақырым 53 көшені жөндеу жоспарлануда.
Аудан аумағындағы негізгі және әлеуметтік нысандар орналасқан 121 көше жарықтандырылған. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында 2022 жылы 22 көше, ал биыл 28 көшені жарықтандыру жоспарда бар.

Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр.

–2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттанып, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшалары халық игілігіне берілді. Биыл 26 көп қабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшасын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 7 спорт алаңшасын орнатуға қаржы қарастырылды, – деді әкім.
Досбол Күздікбайұлының айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жоспарды кеңейту мақсатында, қосымша балалар алаңшасын құру, аяқжол, тұрғындарға қажетті жағдайлар жасау бағытында конкурс өткізілуде. Тұрғындар 1 наурызға дейін көпқабатты тұрғын үй, жеке секторды абаттандыру бойынша өз ұсыныстарын жібере алады. Яғни, тұрғындар аудан әкімдігінің сайтына, әлеуметтік желілерге өтініштер қалдыруына болады.

Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының жиналуын болдырмау, алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 52 мекенжай анықталған. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекенжайға ұзындығы 7,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды.
Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады. 2023 жылы су жиналатын 10 мекенжайға, 3,5 шақырым аумаққа ирригациялық жүйелер орнатуға қаржы қаралды. Қазіргі таңда мемлекеттік-сатып алу конкурсы басталды. Қала бюджетін 2023 жылға нақтылау сессиясында бұл мақсатта І-кезеңге 143,8 млн теңге қаржы бағытталған.
Кезекті қала бюджетін нақтылау сессиясында қосымша 26 көшеге ирригациялық арық орнатуға бюджеттік өтінім беріледі.

Т.Қасым

 

Пікір жазу