Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді, 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жыл санап жоғары қарқында дамып келе жатқан еңселі еліміздің асқақ мəртебесінің артуына сарабдал саясатты көшбасшысыздың еңбегі орасан. Қазақ халқының алтын əріппен қашалған мəңгілік тарих қойнауының төл беттерінде Әз Жәнібек пен Керей, Қасым мен Абылай, Хақназар мен Кенесары сынды халқын ақыл, парасатпен, келешекке із салар айрықша саясатпен басқарған хандар болса, кемеңгер ойдың иесіне айналған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да жарқын болашақ бағытында еңсесі биік. Тəуелсіздіктің төл жылдарында қадамы нықталған қазақ халқының тілі мен діні, діңі мен сыры өзге елден ерекше бет-бейнесін көрсетіп, ұлы күшке ие ұлттың қадірін сезіндіре білгені аян.

Егеменді елімізді басқарып келе жатқан Нұрсұлтан Əбішұлының есімі Егемендік, Бірлік, Отан мен Патриоттық сынды ұғымдармен астасып, ынтымағы мен ырысы қатар бақ боп қонған еліміз үшін тағылымды тұлғаға айналғаны сөзсіз.

Қымбатты оңтүстікқазақстандықтар, əріптестер!

Баршаңызды тарихи мəнге ие айтулы күнмен облыстық мəдениет жəне халық шығармашылығы орталығы атынан шын жүректен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, асқақ абырой, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Тарихи мереке құтты болсын!!!

Əділханов Нұрлан Ыдырысұлы,
ОҚО Мəдениет және халық шығармашылығы орталығының директоры.

Пікір жазу