Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨНЕР ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, БАСТАУЫШ ҰЙЫМ?» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ӨНЕР ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында өңірлік Өзбек драма театрының ұжымымен өткен кездесуге «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек, Қазақстан Республикасының Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шеримов пен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Комилжан Сайитов қатысты.
Аталмыш шарада бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Комилжан Сайитов атқарылған жұмыстарына тоқталып өтті.
«Бүгінде өнер ошағында 53 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде 26 шығармашылық, 5 көркемдік құрам, 6 әкімшілік құрам, 3 жарнама ұйымдастыру, ал техникалық қызметкерлер саны – 13. Театрдың барлық қызметкерлері кәсіподақ мүшесі болып табылады. Кәсіподақ тарапынан театр қызметкерлеріне қолдау шаралары жүргізіліп отырады. Жұмысшылардың еңбек құқықтары мен мүдделері үнемі кәсіподақтың назарында», – деді Комилжан Сайитов.
Ал кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек қатысушыларға кездесу бастауыш ұйымдарды қолдау және еңбек ұжымдарымен тікелей кері байланыс орнату мақсатында өткізіліп отырғанын жеткізіп, Кәсіподақтар Федерациясы 2023 жылды — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, биыл еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, жазатайым оқиғаларды болдырмау басты назарға алынғанын жеткізді. Сонымен қатар, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және кәсіподақ мүшелеріне құқықтық көмек көрсету жөніндегі мәселелерге де тоқталып өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Жиын соңында театр қызметкерлерінің көкейінде жүрген сұрақтары тыңдалып, оларға тұщымды жауаптар берілді.

Пікір жазу