Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНІҢ АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәріміз мәлім. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болатыны белгілі. Халқымызда «Тәні саудың – жаны сау», — деп бекер айтпаған. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт.
Осы орайда, үшінші мегаполисте «Қазақстан салалық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» қоғамдық бірлестігінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен стол теннисi, шахмат, дартс спорт түрлерінен жарыс өтті. Спорттық сайысқа 24 адамнан құралған, 8 команда қатысты.
Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттаған шарада бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері мәдени, спорттық шараға ерекше ынта-жігермен өз бақтарын сынап, тартысқа толы жарыс өткізді. Үстел тенисінен көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетіп, ойын қорытындысы бойынша жұүлделі орындарға ие болды.  І орынды Нұрдаулет Абдураимов алса, ІІ орынды Абай Шагырбаев иемденіп, үздік үштікке Ринат Мадалиев жайғасты.
Ал шахматтан топтық кезеңнен қара үзіп шыққан 3 мықты өзара бас жүлдені сарапқа салып, жеңіс тұғырынан І орын — Жеңiс Туленов, ІІ орын — Бахтияр Айтуреев, ІІІ орын — Муса Баймусаев көрінді.
Дартс спортында нәтиже көрсетіп, жылдам әрі тартымды ойнаған Махмут Акимов қарсыластарын шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал оған сәл ғана ұпайы жетпей қалған Бахытжан Алипбаев екінші орынды місе тұтса, үшінші орын Маулен Алимбековке бұйырды. Жарыс соңында жеңімпаздар жүлделі орындарға иеленіп, бағалы сыйлықтар алып, алғыс хаттарымен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Пікір жазу