Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА «КЭММ 2030» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТТЕ «ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА «КЭММ 2030» ЖШС-Ң ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов отандық экспорттық әлеуетін арттыруда өзіндік үлесі бар дайын металл бұйымдарын өндеу өнеркәсібі – «КЭММ 2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлерімен жүздесті.
Кездесуде Жарқынбек Құрманбек қатысушыларға мұндай кездесулер еңбек ұжымдарындағы көтерілген мәселелерді ашық жеткізе отырып, оларды шешу үшін оңтайлы шаралар қабылдауға, еңбеккерлердің әлеуметік-экономикалық, құқықтық мүдделерін қорғауда, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қатынастарын реттеу және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік беретінін алға тартты.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жылды «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялағанын айтып, биыл еңбек қауіпсіздігі басты назарда екенін жеткізіп, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторлардың құқықтары мен өкілеттіктері туралы ақпарат берді.
Қай жерде жұмыс жасасақ та, ең алдымен әр маманның амандығы, қауіпсіздігі басты назарда болу керек. Қоғамымыздың басты мақсаты – еңбекті адамның бірінші кезектегі өмірлік қажетіне айналдыру. Міне, сондықтан да әрбір қызметкер тиімді еңбек ету үшін оларға қажетті жағдай жасау, денсаулығын сақтау, еңбек жағдайының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәсіби сырқат және өндірісте зақымдануды болдырмау қажет.
Жиында баяндама жасаған Бауыржан Қалжанов еңбек қатынастарын реттеу, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасу, еңбек қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, жалақы қарыздарын болдырмау еңбек адамының мүддесін қорғаудағы ең басты мәселе екенін жеткізді.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Жиын соңында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптарын алды.

 

Пікір жазу