Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «Қауіпсіз еңбек жылында» ұжымдық шарттар саны арта түсуде

«Қауіпсіз еңбек жылында» ұжымдық шарттар саны арта түсуде

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының «2023 жыл — Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына байланысты, «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басқарманың басшысы Әбунасыр Шарифуллаұлы Жанбатыровтың басшылығымен қаңтар айында өткізілген жиналыста еңбек қатынастары туралы мәселелер қаралып, оның ішінде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Кәсіптік одақтар туралы» заңынан түсініктемелер беріліп, қызметкерлердің құқын қорғау мақсатында мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымын ашу қажеттілігі және мемлекеттік қызмет саласындағы бұл басқарманың «Қызмет» салалық кәсіподағының құрамында болудың ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы толық мағлұматтар берілген болатын.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде, мемлекеттік мекемедегі ұжым мүшелерінің 42 адамы толығымен кәсіподақ мүшелігіне кіріп, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамында болуды ұйғарған.
Басқарманың жалпы жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып, Абылайхан Мұхтарұлы Рахматуллаев және тексеру комиссиясының төрағасы болып, Аян Кеңесұлы Байжанов сайланған.
Ағымдағы жылдың ақпан айында мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі мен кәсіподақ комитетінің арасындағы 2023–2027 жылдарға арналған әлеуметтік — еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шартқа қол қойылып, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткізілген.
Сондай-ақ, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың, мемлекеттік мекеменің жұмыс берушісі — басқарманың басшысы Ә.Жанбатыровтың және қызметкерлер атынан бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Рахматуллаевтың арасында өзара қарым — қатынастар жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған келісім-шартқа қол қойылып, тараптар бір-біріне нәтижелі жұмыстар атқаруға сенім білдірді.

Пікір жазу