Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «ШЫМКЕНТ РЕМ СЕРВИС» ЖШС-ГІ ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ШЫМКЕНТ РЕМ СЕРВИС» ЖШС-ГІ ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент Рем Сервис» жауапкершігі шектеулі серіктестігінің ұжымына еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-тренинг өткізілді. Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты.
Жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндіріс орнында тәуекелдерді азайту және қауіптерді жою үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету маңыздылығы жөнінде сөз өрбіді. Кездесуде Жарқынбек Айдарбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді.
Еңбекті қорғау саласындағы ұғымдарды қалыптастыру, еңбекті қорғау жөніндегі халықаралық және мемлекеттік нормативтер мен стандарттарды, ұйымдарда еңбекті қорғауды басқару жүйелерін зерделеу, қауіпсіздік міндеттерін шешу, өндірістік санитарияның, қауіпсіздік техникасының, электр қауіпсіздігінің және өртке қарсы профилактиканың қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, нақты өндірістік жағдайларда қауіпті және зиянды факторлардың әсер ету тәуекелдерін төмендету және жою.
Одан өзге, Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.
Айта кетейік, бүгінгі таңда жылдық қуаттылығы 3 800 вагонды құрайтын жүк вагондарын жөндеу өндіріс орнында 249 адам жұмыс жасайды.

Пікір жазу