Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » «ШЫМКЕНТ МАЙ» ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ШЫМКЕНТ МАЙ» ЗАУЫТЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов «Шымкент май» зауытының ұжымымен кездесті.
Жиында зауыт қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер алды. Өндірісте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасау — басты міндеттердің бірі.
Басқосуда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.
Өз кезегінде сөз алған Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өндірістік жарақаттану, өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу, еңбекке қауіпті жағдайлардың алдын-алу жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.
Жиын соңында Жарқынбек Құрманбек «Шымкент май» зауытының 80-жылдық мерейтойына орай құттықтау сөз сөйлеп, мекемеге қалалық Маслихаттың Алғыс хатын табыстады.

Пікір жазу