Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «ЛАДУШКИ» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: «ЛАДУШКИ» КОНДИТЕРЛІК ЦЕХЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өңірдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — «Ладушки» кондитерлік және аспаздық цехының ұжымымен кездесті.
«Ладушки» — бұл Шымкент қаласында 2001 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан аспаздық-кондитерлік дүкендер мен кафетерийлер желісі.
«Ладушки» ассортиментінде 1500 мыңнан астам түрлі кондитерлік және аспаздық өнімдер бар.
Жиында цех қызметкерлері еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі және оған енгізілген өзгерістер, маңыздылығы туралы пайдалы кеңестер алды.
Басқосуда аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының 2023 жыл — «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, еңбеккерлерге еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, техникалық инспекторлардың жұмысы мен өндірістік жазатайым оқиғаларды болдырмау жайлы айтып, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек қатынастарын реттеу және құқықтық көмек көрсету жайлы мағлұмат берді.
Өз кезегінде сөз алған Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясының басшысы Бауыржан Қалжанов еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге тоқталып, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі өндірістік жарақаттану, өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу және тергеу, еңбекке қауіпті жағдайлардың алдын-алу жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шаралары жөнінде де әңгіме өрбіді.
Қатысушылар көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, баяндамашылармен пікір алмасып, қызмет барысында туындайтын көптеген өзекті сұрақтарына жауаптар алды.

Пікір жазу