Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-ГІ ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: «DALA-CONSTRUCTION.KZ» ЖШС-ГІ ҰЖЫМЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шымкент қаласында «Dala-construction.kz» компания қызметкерлеріне еңбек қауіпсіздігін сақтау, еңбек жағдайлары және еңбекті қорғауға байланысты семинар-тренинг өткізілді.
«Dala-construction.kz» жауапкершілігі шеутеулі серіктестігі – құрылыс саласында 15 жылдан астам тарихы бар ірі компания. Компания өз қызметінде темірбетон (темірбетон) бұйымдары мен инертті материалдар өндірісінің толық спектрін, сондай-ақ мамандандырылған автокөліктерді жалға беру қызметтерін қамтиды.
Семинарға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов қатысты.
Жалпы, қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі жұмыс беруші мекеменің жіті назарында болуы тиіс. Осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру маңызды. Жиын барысында өндірістік жарақаттанудан, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, өндіріс орнында тәуекелдерді азайту және қауіптерді жою үшін қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз ету маңыздылығы жөнінде сөз өрбіді. Кездесуде Жарқынбек Айдарбекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға өндірістегі жазатайым оқиғалардың жағдайын, еңбек қауіпсіздігін қалыптастырудағы кәсіподақтардың рөлін, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау бойынша жұмысшыларды оқыту негіздерін, сондай-ақ, еңбек жағдайын жақсарту жөнінде түсіндірді. Одан өзге, Қазақстан Республикасы Заңнамалығына сәйкес әрбір қызметкер еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарға, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес санитариялық-тұрмыстық жайлармен, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге құқылы екені түсіндірілді.

Пікір жазу