Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР НАУРЫЗ ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын дәстүрлі түрде атап өтіп жүр. Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар, этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Достық үйінің» алдына киіз үй тігіліп, салтанатты жиын ұйымдастырылды.
«Армысың, әз – Наурыз!» атты салтанатты шараға Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы 17 этномәдени бірлестіктің төрағалары мен өкілдері, 7 қоғамдық құрылым — Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, Журналистер мен блогерлер клубы, «Ассамблея жастары» ұйымы, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Кәсіпкерлер ұйымының мүшелері атсалысты.
— Наурыз мейрамы — өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын және Күн мен Түн теңеліп, айнала жаңаратын игі мереке. Наурыз — ынтымақ пен бірліктің, достықтың мерекесі. Еліміздің ынтымағын нығайтып, татулығын сақтауда еңбек етіп жүрген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдерін Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесімен құттықтаймын, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы Шотанов.
Жиылған қауым «Достық үйі» және «Бірлік үйі» атауымен тігілген қос киіз үйге бас сұғып, онда этномәдени бірлестік өкілдері жайған дастарханнан дәм алды. Сондай-ақ, «Наурыз кәдесі» үлестіріліп, ұлттық ойындар ойнатылды.
Айта кетейік, Наурыз мерекесі аясында қаладағы әл-Фараби алаңында бармағынан бал тамған аспаздар сынға түскен»ДәмДәсTour» фестивалі өтті. Фестиваль биыл екінші рет өткізілуде.
Мұнда қаламыздың танымал 50-ге жуық тамақтану орындары — мейрамхана, кофейня, самсаханалар, фаст-фуд, балмұздақ, шайханалар қатысып, өздерінің авторлық мәзірлерін ұсынды.

Пікір жазу