Шымкент қаласында сала мамандарымен еңбек ұжымдарымен кездесу жалғасуда. Кезекті кездесу «AZALA Textile» компаниясының ұжымымен өтті. «AZALA Textile» өндіріс орны — мақта талшығын өңдеуден бастап, дайын бұйымдарды тігумен айналысатын, яғни өндірістің толық циклін жүргізетін еліміздегі жалғыз кәсіпорын. Бүгінгі таңда компанияда 650 адам қызмет етеді. Кездесуді «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов өткізді. Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жүргізіліп, кәсіби аурушаңдықтан сақтау, қауіпті еңбек жағдайларын алдын алу жолдарына талқыланды. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайлардың алдын алу туралы түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, кездесу үшінші мегаполисінде Саттар Ерубаев атындағы №24 ІТ мектеп-лицей ұжымымен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары Жарқынбек Құрманбек пен «Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы» басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың қатысуымен жоспарлы семинар-кеңес өткізілді. Жиын барысында еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жүргізілді. Атап айтқанда, еңбек дауларын алдын-алу, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайын көтеру сынды түрлі ақпарат айтылды.
Кездесу барысында жұмыскерлердің еңбек құқықтары талқыланып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.