Шымкент қаласында «Қауіпсіз еңбек жылы» аясындағы кездесулер жалғасуда. Бүгін «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеев Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановпен бірге кезекті кездесуді «YNTYMAQ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы «Қуат жылу орталығы» мекемесінде өткізді. Бастауыш кәсіподақ мүшелерімен жүздесу барысында еңбек жағдайларына байланысты семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында қатысушыларға еңбек қатынастарын реттеу, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, өндірістік жазатайым оқиғалардың, еңбек дауларының алдын-алу, еңбек адамына құқықтық көмек көрсету жөнінде ақпарат берілді.
Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев жиында өңірлік Кәсіподақтар орталығы еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісіп, биыл Кәсіподақтар Федерациясының «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай, жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі басты назарда ұстайтынын алға тартты.
Жиын барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыбы аясында түсіндірме жүргізіліп, кәсіби аурушаңдықтан сақтау, қауіпті еңбек жағдайларын алдын алу жолдарына талқыланды. Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес, еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістер, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұжымдық және еңбек шарттарын жасасудың маңыздылығы, өндірістік жарақаттану, кәсіби аурушаңдықтан сақтану, қауіпті жағдайлардың алдын алу туралы түсіндірме берілді.