Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТТЕ  КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

ШЫМКЕНТТЕ  КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІ «ҚАМҚОРЛЫҚ» ОРТАЛЫҒЫНА КӨМЕК КӨРСЕТТІ

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдақ бірлестігінің Шымкент филиалы елімізде алғаш болып ашылған ерекше балаларға 18 жасқа дейін қызмет көрсететін «Қамқорлық» орталығына қамқорлық көрсетті. Мекеменің ашылуына орай, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» Республикалық қоғамдақ бірлестігінің өңірлік филиалының құрамындағы «№2 Оңалту орталығы» мекемесіне шөп оратын құрылғы алып берді. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, «SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің өңірлік төрағасы Ерқозы Батырбеков, «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорының төрағасы Болат Жамишев, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Ғибрат Ауғанов, «Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік Қорының бас директорының орынбасары Серғожа Қалиасқаров, «Қамқорлық Қоры» Корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова қатысты.
Іс-шара қонақтары ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған орталықтық жұмысымен толық танысып, балалардың ата-аналарымен тілдестіп, пікірлерін тыңдады.
—Елімізде осындай 8 орталық өз жұмысын бастайды. Алғаш болып Шымкент қаласында ашылып отыр. Осы орталықта 1,5-18 жасқа дейінгі балалар күніне 4 сағат ақысыз қызмет алады. Шымкент қаласы әкімдігі қолдау білдіріп, ғимаратпен қамтамасыз етсе, біз тағы бір орталықты ашуға дайынбыз, — деді «Қазақстан Халқына» қорының төрағасы Болат Жамишев.
Лентасы қиылған «Қамқорлық» орталығында 110 бала екі ауысымда жарты күн әлеуметтік қызмет алу мүмкіндігі бар. Қазірдің өзінде 40 бала ем қабылдап жатыр.
—«Қамқорлық» орталығы аты айтып тұрғандай 18 жасқа дейін балаларға өз есігін қамқорлықпен ашады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған мекеме «Қазақстан халқына қоры», «Самырұқ Қазына» АҚ және «Қамқорлық қорының» демеушілігімен Финляндия, Жапония, АҚШ және Австрия елдерінің құрылғы жиынтығымен жабдықталды. Бұған дейін балалар өзге орталықтарда 3 ай ғана әлеуметтік қызмет алатын. Енді олар осында мамандардан ем алып, қосымша біліммен қамтылады,- деді қала әкімі Мұрат Әйтенов.
Орталық психоневрологиялық ауытқуы бар балаларға жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсетеді. Балалармен жұмыс істеу үшін орталықтың 36 маманы «Қамқорлық қоры» мен «Балама» оқыту орталығының келісімі негізінде біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Бүгінде орталықта 150-ге жуық қызметкер жұмыс жасайды. Барлығы кәсіподақтың құрамында. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы — Шаханова Шынар Жокеновна.

Пікір жазу