Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкент: “Жайлы мектеп Ұлттық жобасы” аясында 10 мектеп салынады

Шымкент: “Жайлы мектеп Ұлттық жобасы” аясында 10 мектеп салынады

Шымкент қаласы Абай ауданында мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдар аралығында “Жайлы мектеп Ұлттық жобасы” аясында 10 мектеп салу жоспарлануда, деп хабарлайды  didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов брифинг барысында мәлімдеді. Ал, 2023-2024 жылдары 6 мектеп салу жоспарлануда.

Атап айтқанда:

1. Нұршуақ (Достық жағы) шағын ауданында 2000 орындық мектеп;

2. Нұршуақ (Ынтымақ жағы) шағын ауданы 2000 орындық мектеп;

3. Жаңатұрлан шағын ауданы 1200 орындық мектеп;

4. Қатынкөпір шағын ауданында 1200 орындық мектеп;

5. Бозарық шағын ауданында 2000 орындық мектеп;

6. Достық шағын ауданы 2000 орындық мектеп. 2024-2025 жылдары 4 мектеп:

7. Ақниет шағын ауданында 1200 орындық мектеп;

8. Асар-2 шағын ауданында 1500 орындық мектеп салу;

9. Шымкент Сити шағынауданында 2000 орындық мектеп;

10. Қайнарбұлақ шағын ауданы Сырым батыр көшесі бойынан 2000 орындық мектеп.

Абай ауданы бойынша мектептер саны – 29, жеке меншік 16 мектеп бар. Ал, аудан бойынша жалпы 6 мәдени нысан бар. Сонымен қатар, халық қатысатын бюджет аясында 2023 жылы 23 жоба іске асырылады. Оның ішінде 15 әмбебап спорт алаңша және 3 спорт алаңша салынатын болды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов өңірдегі білім беру жүйесін әрі қарай дамыту мен өзекті мәселелерді нақты шешуді көздейтін бірлескен құжатқа қол қойды. Қала әкімдігі мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тапсырыс көлемін 24 200 орынға дейін арттыру, 26 мектепке дейінгі мекемеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік балабақшалардың материалдық-техникалық базасын 100% жаңартуды жоспарлап отыр. Мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту саласының 7000-нан астам педагогі біліктілігін арттыру курстарынан, ал 1500-ден астам педагог қайта даярлаудан өтеді. Кейінгі үш жылда 81 мектептің ашылуы үш ауысымды және орын тығыздығы бар мектептер санын азайтты. Жол картасы аясында тағы да 80 мектепті пайдалануға беру жоспарланып отыр, оның ішінде 38 мыңға жуық оқушыны қамтитын 25 мектеп «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша салынады. Сонымен қатар 30 орта білім беру мекемесіне кешенді жаңарту жүргізіледі.

Пікір жазу