Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФРОНТ-ОФИС ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДА

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ФРОНТ-ОФИС ӘКІМШІЛІК КЕДЕРГІЛЕРДІ ЖОЮДА

«Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-офисі «бір терезе» қағидаты әдісімен кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетеді.
Орталық 3 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мамандар бизнес өкілдеріне кеңес беріп, жобаларды сүйемелдейді, маркетингтік зерттеулер мен талдаулар жүргізеді.
2020 жылы іске қосылған Фронт-офисте 12 282 консультация, 1 217 жобаларды сүйемелдеу, 539 маркетингтік қызмет, 14 аналитикалық зерттеу қызметтері көрсетілді.
Фронт-офис жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма), сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.
Кеңсе мекенжайы: Ерімбетов көшесі, 304Г, «Заңғар» бизнес орталығы.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің өркендеп, дамуына байланысты бірқатар маңызды бағытты айшықтап берген болатын. Әсіресе шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
«Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық», — делінген Президент Жолдауында.
Президенттің бұл бағытта берген тапсырмасы Шымкент қаласында өз деңгейінде орындалып келеді. Осы тапсырмалар аясында Шымкентте «Жер аманаты» комиссиясы құрылып, тиісті жұмыстарды жүргізуде. Бүгінгі таңда шаһарда жеке кәсіп бастағысы келетін азаматтар үшін көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Түрлі курстар әзірленіп, арнайы мемлекеттік бағдарлама аясында гранттар бөлініп, кіші және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлінген. Соның ішінде, кәсіпкерлер үшін ашықтықты қамтамасыз етуде «КАЗГИСА» ЖШС тарапынан геопортал әзірленді. Геопорталға қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары, Бас жоспары және инженерлік жүйелері бойынша электронды ақпараттары енгізілген.
Шымкент қаласының азаматтары үшін де жалпыға ашық карта «http://geo-shym.kz» сайтында қол жетімді. Ақпараттық порталдың «Тақырыптық карталар» бөлімінде шаһардың бас жоспары, аумақтың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы, қаланың шекарасы, функционалды аймақтар, бағалау аймақтары, қауіпсіздік аймақтары, қызыл сызықтар және басқалар туралы мәлімет толық берілген. Картографиялық материалдар қажеттілігіне қарай үнемі жаңартылып отырады.

Пікір жазу