Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда.
Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық.
Сондай-ақ былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған.
Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді.
Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды.
Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар Астана қаласында жасалатын.
Шымкент қаласы А.Байтұрсынов көшесі, 11 Жүрек орталығы.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар. Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған.
Сонымен қатар, қалада 2 босандыру стационары бар. Оның ішінде қалалық перзентханада — 162 төсек орынмен және қалалық перинаталдық орталық — 165 төсек орынмен жабдықталған. Одан бөлек, 2022 жылы 20 төсек орынға арналған онкгематология бөлімшесі ашылып, қазіргі таңда Шымкент қаласы тұрғындарына жоғары дозалы химио-имунттерапиялық ем жүргізілуде. Шымкент қалалық онкология орталығында 2018 жылдан бастап заманауи эндовидеохирургиялық құрылғылырдың орнатылуымен науқастарға инвазивті емес жоғарғы технологиялық операциялар жасау күнделікті тәжірибеге енгізілуде.