Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖИЫНДА ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖИЫНДА ЫНТЫМАҚ ПЕН БІРЛІК МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі үшінші мегалопистің Қаратау ауданындағы, «Достық» тұрғын алабындағы Шымкент қаласының білім басқармасының «№102 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Еліміздегі бейбіт өмір, ұлттар арасындағы өзара қарым-қатынас, сыйластық пен достастық, ынтымақ, бірлікте өмір сүруі – еліміздің тұғырлы тұрақтылығының, тәуелсіздігіміздің баянды екендігінің жемісі.

Кездесуге Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  басшысы Е. Байқонақов, Қаратау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы А.Алтынбай қатысты.

2023 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес кездесу барысында еліміздің қолданыстағы заңдылықтарын сақтаумен қоса, Ассамблея қызметінің негізгі бағыттарына тоқталды. Жиында ынтымақ пен бірлік мұраты ту етіліп, жиналғандар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысы, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қатысты, этносаралық қатынастар саласындағы келіспеушіліктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнінде ұсынымдар әзірлеу және практикалық шараларды іске асыру және оларды шешуге қатысу, жалпыұлттық бірлік саласындағы қайырымдылықты, медиацияны дамытуға жәрдемдесу мен ішкі біртұтастық пен бірлікті бекемдеу, жастар өкілдеріне оң тәрбие беру мәселелері сөз болып, арнайы дайындалған бейнероликтер әзірленіп, кездесуге қатысуларға көрсетілді.

 

 

Пікір жазу