Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ШЫМКЕНТ: «ӨМІР — СЕН МАҒАН ҚЫМБАТСЫҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

ШЫМКЕНТ: «ӨМІР — СЕН МАҒАН ҚЫМБАТСЫҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледж жастары арасында «Өмір — сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.
Сондай-ақ, Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған кездесу — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру. Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі — Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.
Айта кетейік, Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мамандығым-болашағым» тақырыбында №28 жалпы орта мектеп оқушылары «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына экскурсия жасады. «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайының маманы жастарға елдегі ашаршылық құрбандары мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған тұлғаларға арнап ашылған тұңғыш мекемедегі мемлекет пен қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болғандардың құжаттары мен суреттері жинақтарымен таныстырды.

Пікір жазу