Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 29 НАРЫҚТЫҚ СУБЪЕКТІСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, БЮДЖЕТКЕ ЖАЛПЫ 132 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

29 НАРЫҚТЫҚ СУБЪЕКТІСІНЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, БЮДЖЕТКЕ ЖАЛПЫ 132 МЛН. ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті 2022 жылы 3 мемелкеттік органға және 29 нарықтық субъектісіне қатысыты 19 тергеп-тексеру тағайындалған. Жүргізілген тергеп-тексерулер нәтижесінде 29 нарық субъектісіне айыппұл салынып, жалпы 132 млн. теңге бюджетке өндірілді, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Оның ішінде айта кететін мәселе, 2022 жылдың басында сұйылтылған мұнай газын бөлшек саудада сату нарығына бәсекелестікке қарсы көлденең келісімдер, яғни бағаны бірден өсіру және ұстап тұру фактілері бойынша 5 нарық субъектісіне тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп 73,7 млн. теңге айыппұл салынып бюджетке өндірілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алуларға қатысу кезінде картельдік келісімдер болуына байланысты Департаментпен 17 нарық субъектісіне 38,8 млн. теңге айыппұл салынды.
Департамент Шымкент қаласының Прокуратурасымен бірлесіп «TS Оңтүстік мұнай сауда» жауапкершілігі шектеулі серіктестіне тексеру тағайындалып, нәтижесімен 4,5 млн. теңге бюджетке өндірілді.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментімен бірлесіп Шымкент қаласында әрекет ететін энергиямен жабдықтаушы компанияларға, атап айтқанда, «Энергоснаб ХХІ» ЖШС, «Казсбытгрупп» ЖШС, «Гарант Энерго» ЖШС, «ЮгЭнергоимпульс» ЖШС-не бәсекелестікке қарсы келісімдер, адал бәсекелесудің орнына өзара уағдаластық қалыптастырып отыруына байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп 19,2 млн.теңге бюджетке өндірілді.
2022 жылдың 31 қаңтарында мемлекет басшысының жарлығымен «әрекеттерінде картель белгілері байқалатын мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын тексерулер шағын кәсіпкерлік субъектілерін, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін тексерулер бойынша» мораторийден алынып тасталынған болатын.
Айта кететін жайт, осы бағыттағы заң бұзушылықтарды жою бойынша қазіргі таңда монополияға қарсы орган тарапынан аса қатты мән берілуде.

Пікір жазу