Бүгінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына әсер ететін бірден-бір себеп, ол базарлардағы орынды жалдау ақысының қымбат болуы.
Осыған байланысты, Бәсекелестікті қорғау және дамыту Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті базарларда азық-түлік тауарларына сататын жерлердің жалға алу бағасына талдау жүргізіп 5 базар басшылығына тиісті Заң Кодексінің 169-бабы 2-тармағы бойынша, яғни нарық субъектілерінің сатылас келісімдерін жою жөнінде Хабарлама шығарды.
Хабарлама қорытындысымен базарлардың басшылығы базардағы орындарды тікелей жалдаушылармен келісім-шартқа тұрып, ортадағы артық делдалды жоюға септігін тигізді.
Агенттік құрылған сәттен бастап, Агенттік төрағасының тапсырмасына сәйкес, Департамент жанынан Кедергілерді жою жөніндегі Кеңес құрылған болатын. Кеңестің құрамында қаламыздағы белгілі кәсіпкерлер, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы басшысы орынбасары, түрлі қауымдастық төрағалары мен заң өкілдерінен тұратын 13 адамнан қалыптасқан.
Кеңес құрылған сәттен бастап бүгінгі таңға дейін жалпы 16 Кеңес өткізілді. Кеңесте мұнай саласы, фармацевтика, білім, денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және де басқа да салалар бойынша материалдар қаралып, ұсыныстар енгізілді.
Нәтижесімен мұнай өнімдерін тауар биржасында сатып алу үшін ең төменгі меже мөлшері 20000 тоннадан 5000 тоннаға дейін төмендетілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» №598 Бұйрығында нарық субъектілеріне тең дәрежеде мүмкіндіктер берілмеуіне байланысты, тиісті өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолданды. Қазіргі таңда аталған ұсыныстар Агенттік пен ҚР оқу және ағарту министрілігі арасында жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл дегеніміз Кедергілерді жою жөніндегі Кеңес жұмысының нарықтағы бәсекелестікті қорғау және дамыту бағытында тиімділігі өте ауқымды.
Шымкент қаласы тұрғындарына, кәсіпкерлерге және де белсенді азаматтарға өз кәсіпкерлігін дамыту барысында қандайда бір Кедергілермен кездескен болса, сол сұрақтарды Кеңесте қарастырып шешімін табуға мүмкіндіктері бар екендігін назарларыңызға жеткізгім келеді. Бүгіңгі таңға Департаментпен 6 тауар нарығына талдау және 5 нарық субъектісіне тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.