Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкенттік жастар психологтармен кездесті

Шымкенттік жастар психологтармен кездесті

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығы мен «Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы» мүшелерінің ұйымдастыруымен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жастарды өмірлік дағыларға бейімдеу» тақырыбында психолог мамандардың қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған кездесудің мақсаты – қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық жағдай жасау және дұрыс бағыт бағдар беру. Кездесу барысында психолог мамандар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қыз баласының қоғамдағы орнына тоқталды.

Сондай-ақ, өмірлік дағдыларға бейімдеу, психологиялық сауаттылықты арттыру мақсатында әңгімеледі. Жиын соңында психологтар жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледжінде «Өмір — сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Аталған шара жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.

Сонымен қатар,Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Аталған кездесу — қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру мақсатында қолға алынды. Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі — Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.

Пікір жазу