Қазгидрометтің хабарлауынша, Шымкент қаласының аумағында 3-5 мамыр аралығында желдің жылдамдығын күшейюі туралы дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобына сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары қала тұрғындарының өтініші бойынша шығулар жасады.
Атап айтқанда, 03 мамырда сағат 13-55 Тұран ауданында қатты желдің (екпіні 12 метр-секундтқа дейін) салдарынан Темірлан тас жолында 9 қабатты тұрғын үйдің қасбеттік бөлігінің қаптамасының шамамен 6 шаршы метр аумақта жартылай бұзылуы орын алды. Адамдарға конструкциялардың құлау қаупі болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаптаманың бөлігін бекіту бойынша жұмыстар жүргізді. Азаматтарға қауіп жоқ.
04 мамырда сағат 12:20-да Әл-Фараби ауданындағы Қабанбай батыр мен Ерманов көшелерінің қиылысында қатты желдің салдарынан (екпіні 23 метр-секундтқа дейін) жеңіл автокөлікке ағаш құлады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан Республикасы ТЖМ 2021 жылы бұйрығымен бекітілген табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар критерийлеріне сәйкес қауіпті метеорологиялық және агрометеорологиялық құбылыстарға 18 метр-секунд және одан да көп екпінді желдің жылдамдығы жатады.
Егер бұл ретте желдің салдары халықтың өмір сүру жағдайларының бұзылуына және шаруашылық объектілерінің, құрылыстардың, көлік инфрақұрылымының жұмыс істеуіне, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстардың шатырларының бұзылуына әкеп соқтырса, сондай-ақ қаза тапқан немесе зардап шеккен адамдардың болуы болса.
Азаматтардан барлық сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Жас балаларға мұқият болыңыз.