Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАН АЙЛАРЫНДА БОЗАРЫҚ Ш/А 49 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

2023 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАН АЙЛАРЫНДА БОЗАРЫҚ Ш/А 49 ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

2023 жылдың қорытындысымен 230,1 мың шаршы метр құрайтын 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік-38, арендалық-29) пайдалануға беру жоспарланған.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Тұран ш/а 1 көпқабатты тұрғын үйдің (54 пәтер) құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылды.
9 мамыр, 2 үй маусым, 6 үйді шілде айында тапсыру жоспарлануда. Бозарық ш/а 49 үй (1960 пәтер, 146,6 мың шаршы) қыркүйек – қазан айларында пайдалануға тапсыру жоспарлануда.
Сондай-ақ, Шымкент қаласында балалар қабілетін дамытуға арналған 4 орталық салынады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қолжетімді және сапалы біліммен қамтамасыз ету мәселесін әрдайым басты назарда ұстап келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы қарашада бекітілген «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында да білім саласына басымдық берген. Іс-қимыл жоспарында Мемлекет басшысы балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объекті салу жөнінде жергілікті басқару органдарына тапсырма берді. Оның ішінде оқушылар сарайы, жас техниктер станциясы, балалар технопаркі, музыка және көркемсурет мектептері сынды нысандарды салу мәселесі көтерілген.
Сонымен қатар, 2023 жылы оқушылар сарайы мен шығармашылық орталықтың, ал 2025 жылы тағы бір оқушылар сарайының құрылысын жүргізу жоспарланған болатын. Бүгінде Шымкентте 2 оқушылар сарайының құрылысы қарқын алды. Нұрсат шағын ауданындағы жалпы құны 8,3 миллиард теңгені құрайтын оқушылар сарайының құрылысы биылғы жылдың бірінші жартысына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек.
Ал, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының жалпы құны 9,4 миллиард теңгені құрайды. Нысанның құрылысына 2023 жылы жергілікті бюджеттен 936,6 миллион теңге қарастырылған. Құрылыс жұмысы 2024 жылға өтпелі. Мұнан бөлек, Шымкентте 2021 жылы жалпы құны 1,2 миллиард теңгені құрайтын №4 балалар шығармашылық орталығының құрылысы басталған-ды. Бұл нысанның құрылысын да 2 жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Пікір жазу