Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » 2023 ЖЫЛЫ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ МЕН 4 СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНУДА
45194353 - buildings under construction and cranes

2023 ЖЫЛЫ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНЫ МЕН 4 СПОРТ НЫСАНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН АЯҚТАУ ЖОСПАРЛАНУДА

2023 жылы 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде, 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланса, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, биылғы жылы Конгресс-холл құрылысы мен 4 спорт нысанының құрылысын аяқтау жоспарлануда.
Жалпы 2023 жылы Шымкент қаласында 156 нысан салу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстарға 123,4 миллиард теңге бағытталып отыр. Қазіргі таңда 74 жобаның құрылысы басталып, 5,8 млрд теңге игерілді. Жыл соңына дейін 94 нысанның құрылсын аяқтау көзделген.
Сондай-ақ, тағы да екі нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, қалған 13 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болып отыр. Бұдан бөлек, 2023 жылы 7 білім нысанының құрылысы жүрігізілетін болады. Оның ішінде, 6 нысан құрылысын жыл соңына аяқтау жоспарланса, Тұран шағын ауданындағы оқушылар сарайының құрылысы 2024 жылға өтпелі. Атап айтқанда, «Метталург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебіне қосымша ғимарат салу, Бозарық шағын ауданындағы ауыр атлетика мектебінің құрылысы, Желтоқсан көшесіндегі медициналық колледждің спортзалын салу жұмыстары келеп жылға ауыспалы.

Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспаналы болды. Оның ішінде, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша рәсімделді. «Бақытты отбасы» бағыты бойынша жылдық 2%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесімен, бастапқы жарна 10 %-дан кем емес мөлшерде 20 жылға тұрғын үйді сатып алуға несие беру қарастырылған. Бағдарламаға тұрғын үй кезегіне тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар, сонымен қатар 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар қатыса алады.

Пікір жазу