Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН ҚҰРСАЙДА ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯ ЕСЕБІНЕН ҚҰРСАЙДА ЖАҢА ЕМХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Тұран ауданы Құрсай шағынауданында тәулігіне 450 адамды қабылдайтын жаңа емхана құрылысы қызу жүріп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен бүгін арнайы ұйымдастырылған пресс-турда журналистер танысты.
Нысан құрылысы 100 пайыз жеке инвестиция есебінен салынып жатыр. Бас мердігер – «Hi-tech building» ЖШС. Жеке инвестор Балтабай Асанов жаңа нысанды 2024 жылдың I тоқсанында тапсыру жоспарда екенін мәлімдеді.
Аудан әкімі Боранбай Болатбеков құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда екенін атап өтті.
Жалпы Шымкент қаласы бойынша стационарлық көмек көрсететін 15 медициналық ұйым бар. Ал, жалпы төсек-орын саны 3407 құрайды. Сонымен қатар, қалада көп бейінді 4 стационар бар. Оның ішінде қалалық клиникалық ауруханасында 490 төсек орын, №2 қалалық ауруханасында 390 төсек орын, №3 қалалық ауруханасында 210 төсек орын, қалалық балалар клиникалық ауруханасында 315 төсек орын бар. Сондай-ақ қалада 5 монопрофильді стационар да жұмыс істейді. Шымкент жүрек орталығында 134 төсек орын, қалалық онкологиялық орталықта 231 төсек орын, Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығында 125 төсек орын, психикалық денсаулық орталығында 435 төсек орын, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы 360 төсек орынмен жабдықталған. Айта кетейік, Шымкент қаласындағы «Жүрек» орталығында жылдан жылға жоғары технологиялық оталар саны артуда. Былтыр емдеу орталығында 555 науқастың жүрегіне ашық түрде ота жасалған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 100 адамға артық. Ал, былтыр тамыз айында кардиология бағыты бойынша медициналық ұйымда ахуалдық орталық ашылған. Орталық кардиология саласындағы мамандандырылған қызметтердің жұмысына жедел мониторинг жүргізіп, емдеу жұмыстарын жақсартуға мүмкіндік берді. Бұл бағытта 44 амбулатория мен 3 ауруханада кардиологиялық кабинеттер ашылды. Осыған дейін мұнда созылмалы жүрек аурына шалдыққан 8 науқасқа LVAC аппаратын орнату операциясы жасалған. Бұрын мұндай опрерациялар Астана қаласында жасалатын.

Пікір жазу