Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » Шымкентте «Еңбек жолы» конкурсы өтеді

Шымкентте «Еңбек жолы» конкурсы өтеді

Шымкент қаласында еңбек адамдары арасында «Еңбек жолы» конкурсы өтеді, деп хабарлайды didarbek.kz. Бұл туралы Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Ахметәліұлы брифинг барысында мәлімдеді. Аталған конкурс қоғамда еңбек адамы туралы жақсы пікір қалыптастыру, жастардың еңбекке құрметпен қарауын, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту рухында тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізіліп келеді. Конкурс «Үздiк еңбек әулетi», «Өндiрiстiң үздiк жас қызметкерi», «Жұмысшы жастардың үздiк тәлiмгерi» номинацияларынан тұрады. Аталмыш конкурс 2 кезеңде өтедi. Атап айтсақ, «Еңбек жолы» конкурсы жеңiмпаздарын өңірлік және республикалық деңгейде iрiктеу кезеңдері бар. Республикалық комиссия жеңiмпаздарды конкурстың әр номинациясы бойынша анықтайды. Конкурсқа кәсiпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлерi қатыса алады. Байқауға өтінімдер 1 шілдеге дейін дейін қабылданады.

Айта кетейік, 2023 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік еңбек инспекторларымен 34 кәсіпорындағы 935 жұмыскердің 451,6 миллион теңге көлеміндегі жалақы қарыздары өтелді. Қазіргі уақытта 2 кәсіпорынның 72 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек 8,5 миллион теңгені құрайды. Атап айтқанда «Rio Med» ЖШС-гі 71 қызметкер алдындағы жалақы қарызы 7,9 миллион теңгені құраса, «СПИК Аккорд» АҚ-ы 1 қызметкерге алдында жалақы қарызы 0,6 миллион теңге құрайды. Берешекті мәжбүрлі түрде өндіру үшін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» ҚР заңына сәйкес іс құжаттары жеке сот орындаушылар өңірлік палатасына жолданып, сот орындаушылар тарапынан жұмыстар жүргізіліп отыр. 2023 жылдың бірінші тоқсанында басқармамен азаматтардың 490 өтініші қаралды. Нәтижесінде 80 тексеру жүргізіліп, 98 бұзушылық анықталды.

Пікір жазу