Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент » «5 МАМЫР — ЕКІНШІ ТУҒАН КҮНІМ»

«5 МАМЫР — ЕКІНШІ ТУҒАН КҮНІМ»

Он күн дәрігерлердің жіті бақылауынан соң, Шымкенттегі қалалық №1 клиникалық ауруханасындағы 200-ші бүйрек трансплантациясы жасалған науқас бүгін отбасымен қауышты. Аталмыш денсаулық сақтау ұйымында 10 жыл ішінде 200 трансплантация отасы жасалған.
5 мамыр күні бас дәрігер Абылай Абдужаппарұлының жетекшілігімен жасалған ота сәтті аяқталған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, 1986 жылғы рецепиент 6 жылдан бері бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болған. Науқастың 1995 жылғы інісі донор ретінде бүйрегін берген. Әдетте, бүйрек трансплантациясы 7-8 сағатқа созылса, №1 клиникалық аурухананың білікті дәрігерлері отаға небәрі 3-4 сағат уақыт жұмсаған.
— 5 мамыр — екінші туған күнім. Дертпен алты жылдай күресіп, ота алдындағы 8 ай гемодиализге тәуелді болдым. Трансплантация — өте күрделі ота. Түрлі талдамалар жасатып, ағзаның сәйкестігі ерекше қадағалауда болады. Алайда, 200 адамға ота жасап, өмір жасын ұзартуға септігі тиген алтын қолды дәрігерлердің кәсіби біліктілігіне сенім арттым. Отаны бас дәрігер Абылай Абдужаппарұлы өзі жасаса, «Трансплантация және хирургия» бөлімінің меңгерушісі Рахымжан Үмбетжанов отадан кейінгі денсаулық көрсеткіштерінің қалыпқа келуін қадағалады. Дәрігерлерге алғысым шексіз. 5 мамыр күні ота жасалса, реанимациядағы 2 күндік бақылаудан соң, жалпы палатаға ауыстырды. Отадан кейінгі оңалту кезеңінің маңызы зор. Осы 10 күн ішінде дәрігерлер бақылап, ем-дом жасады. Жағдайым қалыпты. Аллаға шүкір, асқа тәбетім де дұрысталып, қалыпты жағдайға оралып жатырмын. Ары қарай да күтініп, дәрігерлердің бақылауында боламын, — дейді емделуші.
Екі жүзінші пациентке аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай бастаған алтын қолды хирургтер — Ж.Сүйгенбаев, А.Калымбетов, Ұ.Мұканова, Р.Үмбетжанов күрделі отаны жасаса, анестезиолог Қ.Айтуов отаның сәтті өтуіне себепші болды.
Абылай Донбайдың айтуынша, Шымкентте бүйрек жетіспеушілігімен Шымкент қаласы бойынша екі мыңға жуық науқас тіркеуде тұр.

Пікір жазу