Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәресіне жетті, деп хаарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. 20-26 сәуір аралығында қалада өткен доп додасында “БИИК-Шымкент” клубының футболшы қыздары ел кубогы жолындағы жарыстарда 14 дүркін жеңімпаз атанды. Қазақстан айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде жергілікті команда Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының ойыншыларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов дүбірлі додада қаламыздың абыройын асқақтатқан спортшыларды арнайы құттықтады. Бұл жеңіс барша шымкенттіктер үшін үлкен қуаныш! Бүгінде ұлттық құрамада 7 футболшы қызымыз өнер көрсетеді. Еліміздің әйелдер ұлттық құрама командасы ФИФА рейтингісі бойынша 161 команданың ішінде 76 орында тұр.
Сондай-ақ, «БИИК- Шымкент» командасы 2012 жылдан бері еліміздің атынан УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсетіп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп келеді. УЕФА «Чемпиондар лигасы» ойындарында Германияның «Франкфурт», «Бавария», Испанияның «Барселона», Италияның «Верона», Францияның «ПСЖ» клубтарымен тең дәрежеде өнер көрсетуі — команданың әлемдік футболдағы мәртебесін арттыра түсті.
Айта кетейік, Шымкентте Қажымұқан стадионында Қазақстан OLIMPBET-Кубогының 1/4 финалында шымкенттік «Ордабасы» петропавлдық «Қызылжармен» ойнады. Екі команда да негізгі құрамда шағын ротация жүргізді. Жекпе-жек өте тартысты өтіп, алаң иелері көп жағдайда бастаманы өз қолында ұстады. Алайда бірінші тайм гол соғылмады, ал екіншісінде қонақтардың қорғанысындағы бірнеше минуттан кейін Асхат Тағыберген айып добынан есеп айырмасын ұзартты. Есеп 2:0. Қарымта ойын 7 маусымда Петропавлда өтеді.